• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2018

Астанада Елбасының қатысуымен АХҚО-ның ресми ашылу салтанаты басталды

426 рет
көрсетілді

Астанада Елбасының қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты басталды.

Қаржы орталығының ресми ашылуы Astana Finance Days форумының негізінде өтіп жатыр. Салтанатты шараға Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян, ірі халықаралық компаниялардың басшылары, ғылыми орта мен сарапшылық орталықтардың сарапшылары келді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы желтоқсанда қол қойған болатын.

АХҚО-ның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері - қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Айта кетейік, биыл шамамен қаржы орталығына 100 компания тіркеледі деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 1 шілдеге дейін 50 компания тіркеліп үлгерген. Ал 2020 жылы олардың саны 500-ден асады деп күтілуде.