Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады. «Астана - бауырлас мемлекетіміздің саяси және экономикалық табыстар қаласы. Астананың қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның ажырамас бөлігі», деп атап өтті қырғыз Президенті. Өзінің бейне құттықтауында Жээнбеков мырза Қазақстан халқына молшылық, әрі қарай гүлденуін және бейбітшілік тіледі.