• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2018

АХҚО – Қазақстанның халықаралық қаржы капиталының бір бөлшегіне айналуға жол ашады – сарапшы

281 рет
көрсетілді

Исламдық қаржы секторының өкілдері АХҚО Қазақстанның халықаралық үлкен қаржы капиталының бір бөлшегіне айналуға жол ашады деп есептейді. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығының ашылуында Малайзиялық «Amanie Advisors CIS» ЖШС ТМД басқарушы директоры Едіге Алпысбай айтты.

- Бүгінгі күні Қазақстанға ислам қаржысын тартуға қызуғышылық танытып отырған компаниялар бар. Атап айтқанда, БАӘ-нен және исламдық сукук шығару бойынша ұсыныс бар. Мысалы, бұған дейін мемлекеттік сукук шығару турал көп айтылды. Бірақ оны шығару үшін қаржы орталығы құрылғанға дейін азаматтық кодекс негізінде жұмыс істеу процессі өте ұзақ болды. Әр қадамға арнайы заң шығару керек. Ал Астана қаржы орталығы ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейдіктен, бұл процесстер әлдеқайда жеңілдей түсті. Екіншіден, Қазақстанның корпоративтік құқықтары немесе мемлекеттік сукук шығару бұған дейін шетелде жүзеге асырылып келді. Қазақстан даму банкінің сукукгін Малайзияда шығарды. Неге десеңіз, инвесторлар сол жақта болды. Инвесторлар түсінікті заңнама бар жерде жұмыс істейді, түсінікті заңнама мен түсінікті биржада шығару маңызды. Біріккен Араб Әмірліктері араб елдеріне бағытталған болса, сол жаққа барып шығару керек болды. Еуропаның нарығына шығару керек болса, Еуропа елдеріне барып шығару керек-тін. Енді осының бәрі Астана халықаралық қаржы орталығында шырылады. Қазақстанға келіп сукук сатып аламын деген инвесторларға ешқандай кедергі жоқ.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»