• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2018

Павлодарда 72 отбасы пәтер алды

384 рет
көрсетілді

Облыс  орталығында қазір Сарыарқа атты жаңа шағын аудан бой көтеріп келеді. Бүгін Астананың  20 жылдық мерейтойы құрметіне орай шағын ауданда 9 қабатты жаңа  тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Жаңа аудан орналасқан Ломов көшесі, 154/4 мекенжайы бойынша салынған  үйде 54  екі бөлмелі, 18  үш бөлмелі пәтер бар. Тұрғын үй құрылысын жергілікті «Жәрдем» ЖШС  жүргізді.  Пәтер алған тұрғындарды  облыс әкімі Болат Бақауов Астана күнімен және қоныс тойымен құттықтады. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қол жетімді болып отырғанын айтып өтті.   Пәтерлердің кілттері мүгедектерге, ардагерлеріне, жетім қалған балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен «Алтын алқа» иегерлеріне табысталды. 

Облыс орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй  құрылысына республикалық бюджеттен 493 миллион теңге бөлініпті. Бұл -  Сарыарқа  шағын ауданында бой көтерген 13-ші үй. Жылдың соңына дейін тағы да 8 үй  берілмек.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Валерий Бугаев