• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2018

Этно-мәдени бірлестіктер Астанаға ән арнады

696 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Қазақстан халқы  Ассамблеясы жергілікті  филиалы этно-мәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдары өнерлі. Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік қуанышты -әртүрлі тілдегі  әндер айту арқылы  жеткізді

 Этно-мәдени бірлестіктер Астанаға ән арнады.  Олар  «Вир» неміс вокалдық тобы,  «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық ұжымы, «Ариран» корей вокалдық ансамблі, «Чишмя» татар-башқұрт  вокалдық ұжымы,  тәжіктер вокалдық ансамблі, «Сеспель» чуваш  вокалдық ұжымы, «Маргаритари» грек вокалдық ансамблі және «Туған жер» финн-угорлар вокалдық тобы этно мәдени бірлестіктері қатысты.  

"Еліміз гүлдене берсін! Астанамыздың 20- жылдығы құтты болсын! Біздер елімізді мақтан етіп әнге қоса берейік", - дейді этно мәдени бірлестік өкілдері.          

Бұл күндері Достық үйінде облыстық  23 этномәдени бірлестік, Жастар бірлестігі, Ұлттық жаңғыру мектебі, 42 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет жанында Ассамблея кафедрасы ашылды.

Сондай-ақ, "Ертіс - достық өзені" шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Қазір Достық үйінде фольклорлық, драмалық, хореографиялық ұжымдар қызмет жасауда.  

Мысалы,   «Достық» ансамблі, бишілер тобы, бондурашылар ансамбілі, вокалдық топ,   «Бірлік» мектеп хоры, «Арай», «Учтаулар» би топтары,  декоративті -қолданбалы өнер студиясы жұмыс істейді. Клубтарда сабақтар өтеді, 18 вокалдық-хор және 16 хореографиялық ұжымдар, онда әртүрлі жастағы адамдар келеді. Мұнда 300 орынға арналған концерт залы бар. 

Фарида Бықай

«Егемен  Қазақстан»

ПАВЛОДАР 

Суреттерді түсірген: Мақсат Айтбай