• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2018

Астананың дамуы – Қазақстанның да­муы

4733 рет
көрсетілді

Елбасы «Евразия жүрегінде» кітабында «Астананың дамуы – Қазақстанның да­муы» деген қарапайым да ұғынықты формуланы ұсынып, бүгінгі күні бұл ба­ғытта үйлесімді түрде атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойын­ша өза­ра тығыз ықпалдастыққа негізделген кешенді шаралардың жү­зеге асы­рыл­ғанын байқау қиын емес. Астананың тікелей ықпалының нәти­же­­­сінде бас­қа облыс орталықтарында, бір жағынан, Астананың қажетін қа­­на­ғат­тандыруға арналған салалар пайда болып, дами бастаса, екінші жа­ғы­нан, бұдан қаланың өз қажеттіліктеріне де қозғау салғаны көпшілікке аян. Пре­зидентіміздің «Елорда мемлекеттің тұтастай алғандағы даму қарқыны мен сипатын айқындайды. 

Мысалы, Астанада қабылданған ел­дің индустриалдық-инновациялық да­му бағдарламасы сұраныс пен ұсы­ныс нарығын қала аумағында ғана емес, бүкіл республика бойынша қа­лып­тастыруға жол ашты» деуі айқын ақи­қатқа айналып, үздіксіз прогресс пен тұрақты өркендеу жолының бастауы болғанын солтүстікқазақстандықтар да әркез мақтаныш етеді. Бас қалаға қа­­рап ой да, бой да түзеп келе жатқан те­­ріс­кейліктер осыдан бірер жыл бұ­рын Бөгенбай және Жеңіс көшелері қи­ылысында саябақ тұрғызып, тарту етсе, биыл жалпы ұзындығы 56 ша­қы­рым­ды құрайтын велотрассаның са­лы­нуына өз үлестерін қосты. Оны пайдалануға беруге 30 шақты техника, 50-ден астам адам жұмылдырылып, жол жиектеріне 160 аспалы шам, 25 қоқыс жәшігі орнатылды, деді сөй­лес­кенімізде «Жолқұрылыс-НС» ЖШС-нің учаске жетекшісі Досбол Жолмағанбетов. 

«Астананың гүлденуі – Қазақстан­ның гүлденуі» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы аясында тоғыз жолдың торабында ор­на­ласқан Петропавл қаласы да өсіп-өр­кен­деп келеді. Жуырда Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасына орай Солтүстік Қазақстан облысының 2018-2021 жылдарға арналған кешенді даму жоспары түзіліп, 64 іс-шараны іске қосу белгіленді. Ол бойынша 12 бағытты қамтитын жобалар шең­бе­­рінде әлеуметтік нысандар, кө­лік жә­не инженерлік коммуникация­лар, аг­­ро­өнеркәсіп, қорғаныс обьектілері жаң­­ғыртылады. 300 миллииард тең­ге­нің инвестициялық қаржысы құй­ылып, 14 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыс тобының отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Елбасы тапсырмасын орын­даудың маңыздылығын, кешенді жұ­мыстар өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына зор серпін бе­ре­тінін, тұрғындардың өмір сүру са­пасын нығайтатынын атап көр­сет­ті. Тек биылдың өзінде ғана жы­лу, жарық, су жүйелерін қалпына кел­тіруге республикалық қазынадан 5,1 мил­лиард теңге бағытталып отыр. «Бес әлеуметтік бастама» жобасы бой­ын­ша 2018-2019 жылдары облыс ор­талығында 1,5 мың пәтер тұр­ғы­зы­ла­ды. Бір сөзбен айтқанда, «Астана елдің барлық өңіріне өң беретін және мемлекет жүрегінің жұмыс қабылетіне жаң­ғырық болып жететін барша қоғам­дық қатынастың жиынтығы» екенін солтүстікқазақстандықтар да жақсы сезінеді. 

Мерейтой қарсаңында «Астана – бейбітшілік пен келісімнің бастауы» атты шараны Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясы ұйымдастырып, қа­зір­гі заманға лайық астана салу идея­сы, бүгінгі күні әлемдік зор мәр­тебеге ие елорданың қалыптасу тө­ңі­регінде тағылымды әңгімелер қоз­ғалды. «Қазақ тілі» халықаралық қо­ғамы жергілікті ұйымының төр­аға­сы Жанкелді Тәжиннің айтуынша, Астана Қазақстанның, қазақ хал­қы­ның брендіне айналып, жер жүзі Тәуелсіздіктің , халықтар достығының сим­волы ретінде таниды. «Абылайхан ре­зиденциясы» музей кешенінде «Ки­елі Түркістан» көрмесі ашылып, жұртшылық назарына небір құн­ды жәдігерлер ұсынылды. «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық мұражайы жылына 60-тан ас­там іс-шара өткізіп, астана ажарын айшықтауға да зор үлес қосып келеді. 

«Асыл мирас «қайырымдылық қо­рының қолдауымен жақында бала­лар ауруханасына 76,6 мил­лион теңгенің стационарлық сан­дық рент­генографиялық кешені, әм­­бебап ультрадыбыстық және екі де­зин­фекциялық камера тарту етіл­ді. Сал­танатты рәсімде сөй­леген сө­зінде қор­дың директоры Марат Айт­ма­ғам­бетов мемлекет-же­ке­мен­шік әріп­тес­тігі шеңберінде қол­ға алын­ған жобалар елорда мерейтой­ына арналғанын, елі­­мізде алты сау­ық­тыру орталығы ашыл­­ғанын, 366 ба­ла емдеу курстарынан өткенін, соң­ғы бес жылда жарты мил­­лиард тең­генің қайырымдылық ша­ра­­лары көрсетілгенін жеткізді. Өңір­де ме­ди­ци­налық кластер құру, 700 орын­дық көп­са­лалы аурухана тұрғызу мін­де­ті тұр. 

Осылайша Астананың 20 жылдығы Қызылжар өңірінде де кең көлемде атап өтіліп, тұрғындардың ерекше қы­зы­ғушылығын тудырды.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы