• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Аналар ардақталып, келіндер марапатталды

356 рет
көрсетілді

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы» жұл­дызды күндерінің шырайлы шара­патына бөленген көп балалы аналар Мәдениет сарайында тәлімді бас­қосу өткізді. Қазір Көкшетау қала­сында 83 «Батыр ана», 409 «Алтын алқа» иегері тіршілік тамызығын маздатуда. Ал бес баланы тәр­биелегендерді қосқанда олардың саны 500-ге жақындайды екен. «Бір қолымен бесікті, бір қо­лымен әлемді тербеткен» ана­лар­ды Көкшетау қаласы әкімінің орын­­басары Тасболат Кәкпенов құт­­тықтап, мерекелік сый-сияпат тап­сырды. Асыл жандар құрме­тіне ән шырқалып, домбыра күм­бірледі. Балабақша балғында­ры­нан бастап, аты әйгілі қайрат­кер­лер, өнер май­талмандарының жү­рек­жарды лебіздері зәулім зал­ды алғыс сезімімен тербетіп тұр­ған­дай еді. Аналар мен әжелер бұл жолы «Келіндер сайысы» байқауын та­маша­лады. Облыс орталығын­дағы ақтық сынға 9 келін шақырылған екен. Олар отбасылық құндылық­тар, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, күнде­лік­ті қарым-қатынас қағидат­та­рынан өне­ге төккен арулар жұрт­шылықты қол өнерімен де, ән өнерімен де тәнті етті. Қазылар алқасындағы қайын енелер бірінші орынға Атбасар қала­сынан келген Әсем Әб­дірахманова, ал жүлделі орын­дарға көкшетаулық Бибіажар Иса­бекова мен бурабайлық Бақыт­жамал Рама­занованы лайықты деп тапты. Байқауға қатысушылар Қазақ­стан Республикасы Президенті жа­нындағы Әйелдер істері және от­басылық-демографиялық саясат жө­­ніндегі ұлттық комиссияның алғыс хаттарымен марапатталды. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.