• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Жиырма жылдыққа – жиырма шырша

255 рет
көрсетілді

Егер сен алдыңа бір жыл­дық мақсат қойсаң – егін ек, Бірнеше жылға мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, Ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс. Осы бір нақыл сөздер «Дарынды қыз балаларға ар­нал­ған қазақ-түрік лицейінде» ата-аналардың қаты­суы­мен бол­ған іс-шараның мән-ма­ғынасын терең ашып тұр­ғандай. Лицей оқушы­лары­ның «Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғына 20 шырша сый­лайық» деген бастамасын лицей дирек­торы Юнус Гунеш қызу қолдап, ғимараты­мыз­дың ал­ды­на 20 жас шырша көшеттері отырғызылды. Бұл іс-шараны өткізуде ата-аналар да белсенділік танытты. 20 жыл, 20 шыр­ша символына сай бо­лайық деп 20 ата-ана келді. Есіктен кіргеннен олар­дың көңіл-күйлері өте жо­ғары екені байқалды. Себебі, бірнеше жылға мақсат қой­саң, ағаш отырғыз нақы­лының көкейге қонғаны сол, балала­ры­нан лицейге, одан асып, гүлденген жас ел­ор­дамызға керемет ескерткіш қалады. Және көршілес отырған №48 мектеп-лицейдің бүлдіршін-жеткіншектері үзіліс уақы­тында ойнап, де­малатын кө­рік­ті орынға айналса, ауасы­ның таза болуы – бәрі-бәрі көңілге қонымды, заманға сай әрі орнымен атқа­рылған жұ­мыс екені анық. Қазақ үшін қай кезеңде де киелі мәселе болып қала беретін жауапты іс – бала тәрбиесі. Қыздарымыздың білімдегі жетістіктері ауыз толтырып ай­тарлықтай (2010-2011 оқу жы­лы бойынша 6 «Алтын белгі» иегері, 1 үздік аттестат, Халық­аралық пәндер олим­пиа­да­сы­ның 7 жүлдегері, ха­лықаралық ғылыми жобалар жарысының 19 жүлдегері (9 алтын медаль), республикалық пәндер олим­пиа­да­сының 4 жүл­дегері) десек, тәрбие бәрі­нен биік тұруы керектігі айтпаса да түсінікті. Айнала­мызды көгалдандыру мәселе­сін былай қойғанда, «ата-ана – ұстаз – оқушы» үштігі бірлесе отырып істеген осынау бір оңды іс-шара қатысқандардың бәріне де ерекше тебіреніс пен еңбек рахатын сыйлады. Осындай орынды бастамалар жалғасын тауып, мектеп пен ата-аналар арасындағы бай­ланыс үзілмесін. Ел ме­рей­тойы құтты болсын! Бақыт АЙТМУРЗИНА. Астана.