• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Білім 18 Шілде, 2018

«Цифрлы Қазақстан» үлкен мүмкіндіктер сыйлайды

2170 рет
көрсетілді

Былтыр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүктелгені мәлім. 

«Біз цифрлы технология­ны қолдану арқылы құры­латын жаңа индустрияларды өркенде­туге тиіспіз. Бұл – маңызды ке­шенді міндет. Елде 3D-прин­тинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифр­лы қызмет көр­се­ту се­кілді денсаулық сақ­тау,­ бі­лім беру ісінде қол­да­­­ны­­ла­тын және басқа да перс­пек­тивалы салаларды да­мы­ту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған ел­дердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәс­түр­лі салаларға жаңа сапа дарытты», деді Елбасы. «Цифр­­лы Қазақстан» бағ­дар­ла­масы­ның 4 негізгі бағыты бар.

Бірінші – ауыл-аймақты кең­ жол­ақты интернетпен қамтама­сыз етіп, еліміздің тран­зиттік мүмкіндіктерін арт­­­тыру.

Екінші бағыт – эконо­миканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл ша­руашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау.

Елбасымыздың Жол­да­уын­­дағы бірінші бағытты алсақ, ауыл-аймақты кең­ жо­­лақты ин­тер­нет­пен қам­­­­­тамасыз етіп, еліміз­дің­ тран­зиттік мүм­­кін­дік­те­­­­рін арттыру бұл бар­лық өңірлермен бірге біз­­дің ауда­нымызға да үл­кен мүмкіндік береді. Қа­рапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желі­­лік те­­­ле­арна мемлекет тарапы­нан жасалған осындай іс-әре­­­кеттердің жемісі.

Бұл өзгерістер біздің күн­­делікті өмірімізден кө­рініс та­уып отыр. Мәселен, 90 жыл­­дық тарихы бар Арал индустриялық-техникалық ко­лледжінде де «Байланыс құрастырушысы кабельші» мамандығында бі­лім алу­шыларға бұрын бай­ла­ныс же­лісінде мыс кабе­лімен үй­ренсе, қазіргі таңда тал­шық­­ты-оптикалық кабельмен үй­ренуде.

«Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­­ламасының түпкі мақ­сатына терең үңіле қарасақ, бұл жерде халық­тың өмір сү­ру дең­гейін жоғары са­тыға кө­теру, көп­теген әлеу­мет­тік мәсе­лелердің оң ше­­­ші­мін та­буға зор заманауи­ мүм­кін­шіліктер жасау қарас­­­ты­рылған. Қала берді, Ел­басы мақсат етіп қойған да­мыған отыздықтың ортасынан ойып тұрып орын алу жалпыхалықтық міндет. Сон­дықтан бағдарламаның аясында уақыттың үдесінен шығу үшін жаңа талаптарға сай еңбек ету қажет.

Назарбек НҰРМАНОВ,

Арал индустриялық-техникалық колледжінің

өндірістік оқыту шебері

Қызылорда облысы