• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2011

Сенімді серіктестік

632 рет
көрсетілді

Нарық заңы қатал. Өйткені, қай салада болмасын дайын өнім тұтынушы сұранысын қа­нағаттандырумен қатар, бәсе­ке­ге қабілетті болуы шарт. Осы талаптан көрініп, еліміздің энер­гетика рыногында өз ор­нын тап­қан Есік қаласындағы «Элек­трокабель» зауыты 10 жылдан бері осы алғышарттарды бас­шылыққа алуға ұмтылып келеді. Сондықтан да өнімдері үл­кен сұранысқа ие. Өйткені, ескірген желілерді ауыстыру мен жаңасын салу қарқын алған. Кә­сіпорынның электр-техни­ка­лық өнім түрлерін шығаратын сенімді серіктестікке айналуы осыдан. Отандық өнім өндіруші ретінде алғашқылардың бірі бо­лып жұмысын бастаған зауыт француз технологиясымен кабельдер мен түрлі диаметрлі сымдар шығарады. Алюминий созбасымен сырты қапталған кабельдермен қатар, жер асты сымдары және тағы  басқа электр құралдары осында дайындалады. Зауыттың қуаты бір айда 100 мың метр кабель шығаруға арналған. – Біз, ең алдымен, сапаны басты назарға аламыз. Осында шығарылатын кабельдер импорттан еш айырмасы жоқ. Тұтыну мерзімі 50 жылдан аса уақытқа жетеді. Сондай-ақ, бұл өнімдерді қайта өңдеуге болмайды. Яғни, электр сымдарын ұрлап, жеңіл табыс табатындардың жолы болмайды деген сөз, – дейді цех бастығы Зульфикар Чикаев. Зауыт қондырғылары Түр­кия­дан әкелінген. Мұнда жұмыс істеу үшін де арнайы дайындықтан өтіп, машиналардың тілін білу ма­ңыз­ды. Кәсіпорын басшылары мен бір­қатар мамандар Түркияға ба­рып, арнайы дайындықтан өтіп келді. Осында жұмыс істеуге ниетті жастарды қазір өздері үй­ретуде. Шикізаттың басым бөлігі Ресей мен Малайзия елінен тасы­малданады. Келешекте шетелден емес, алюминий өндіруді қолға  алған Павлодар облысынан әкелу жоспарланған. Бұл алдымен шы­ғын­ды азайтса, екіншіден, уа­қыт­ты үнемдейді. Елімізде маңыз­ды стратегиялық жобалар жү­зеге асып жатқан шақта отан­дық өнім өндірушілерге деген сұраныс та арта түсуде. Осы бағытта кәсіпорын ұжымы өн­дірісті кеңейтіп, өнім көлемін ұлғайтуды мақсат еткен. Қазір зауыт жанынан қо­сымша ғимарат салынуда. Қон­дырғыларға тапсырыс берілген. Енді бір-екі айдан соң бұл жерде де жұмыс қызатын бо­ла­ды. Тағы да жаңа жұмыс орны пайда болады. Демек, өнім көлемі де ұлғаяды. Мәселен, алдағы уақытта 300 метр кабель өндіру жоспарланған. Өңір энергетикасының да­му­ы­на үлес қосқаны үшін зауыт ұжы­мы түрлі дипломдар мен сер­тификаттарға ие. Ха­лық­аралық деңгейде өткен көр­мелердің же­ңімпазы атанып, жұмыс сапасын жақсартуы осыдан болар. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.