• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік

314 рет
көрсетілді

Кең далада тұлпарлары жарысқан, Қырандары қанаттарын қағысқан, Тәңірідей күтетұғын қазағым, «Тәуелсіздік!»деген сөзді алыстан...   Көп шыдаумен тағдырының тезіне, Айналғанда қарағайдың безіне, Тәңірін де тәрк етердей тұтанды, Жарқылдаєан жасын тұнып көзіне.   Желтоқсан мен Тәуелсіздік – бір ұғым, (Кер заманда кесілген қыз бұрымы), Тәуелсіздік-тәбәрігі ғасырдың, Міндет оны мінәжәттап тұруың!   Сондықтан да, ей, қадірлі азамат, Қайда салса қайыспайтын қазанат! Азат көркің күллі әлемді шарлаған, Қазақ деген атың сенің ғажап-ақ!   Қазақ болған қай заманнан мынау ел, Қайсарлықтың қаны сіңген құба бел, Тізе бүгіп Тәңіріден сұрары: Еркіндікті енді мәңгі қыла гөр! Қойшығұл  ЖЫЛҚЫШИЕВ. Атырау.