• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2018

Қызылордада ұрланған қақпақтардың шығыны 30 млн теңгеге жеткен

333 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында екі жыл бұрын пайдалануға берілген «Бәйтерек» ауданындағы су есептегіш құралдары мен су жүйесін жапқан қақпақтар ұрланып келген. Мамандардың айтуынша шығын көлемі 30 млн теңгеге жеткен.

Тұрғын үйлер салуға лайықталған мөлтек ауданда барлық инфрақұрылымдар тартылған. Осы мақсатқа бюджеттен 9 млрд. теңгеге дейін қаржы жұмсалған екен.

– «Бәйтерек» мөлтек ауданының тұрғындарына кезінде қолайлы жағдай жасалды. Су, электр желілері тартылды. Алайда қазір 534 есептегіш аспап, 7 мың метрден астам электр кабелі, кәріз және су жүйелерінің қақпақтары қолды болған, - дейді қалалық құрылыс және архитектура бөлімінің маманы Ақболат Тұрмаханов.

Алайда, елге жасап жатқан жақсылықтың құнын бағаламайтындар болады. Құқық қорғаушылар осы іске қатысы бар суық қолды үш азаматты қолға түсірді. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар