• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Шілде, 2018

Б.Сағынтаев Қарағанды және Қызылорда облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

225 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында Қарағанды және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан бастамалар бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлар және алғашқы алты айдағы жобалар портфельдерін іске асыру жұмыстарының алдын-ала қорытындылары талқыланды.

Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов пен Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, АӨК, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестицияларды тарту және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндады.

Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсім қарқынын жеделдету және экономика құрылымын сапалы өзгертуге бағытталған шараларға баса назар аударды.