• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр

239 рет
көрсетілді

Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Адам өлтірді деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) іздестіріліп жатыр.

Бұған дейін Денис Тенді өлтірген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындаған еді.