• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2011

Медицинаға қажет бұйымтайлар

393 рет
көрсетілді

Жамбыл өңірінде өткен 20 жыл ішінде дайын өнім шығаратын 130 ірі кәсіпорын ашылды. Сөйтіп аймақтық жалпы өнім 11 есеге өсті. «Тараз металлургия зауыты», «Ақбақай тау-кен металлургия комбинаты» сынды қуатты кәсіпорындар бүгінде еліміздің жүйеқұраушы өндіріс орталықтары ретінде таныла бастады. «Жамбылгипс», «Мыңарал Тас Компани» кәсіпорындары отандық құры­лыс индустриясының жетекшісіне айналды. Екі жылда индустрияландыру бағдарламасы аясында 16 жоба іске асырылды. Оның жалпы құны 80 млрд. теңге. 3000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Қазфосфат» кәсіпорнына заманауи жаңа технология орнату арқылы 10 түрлі өнім шығарыла бастады. Зауытты дамытуға жұмсалатын инвестиция көлемі 120 млрд. теңгені құрады. Облыста шағын және орта бизнес саласы да қарқынды дамып келеді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Супер фарм» компаниясы Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылынан медициналық киім-кешектер мен бұйымдар шығаратын кәсіпорын ашты. Тәуелсіздік жылдары облыста өнеркәсіптің мықты іргетасы қаланды. 20 жылда өңдеуші секторда өнімнің көлемі 16 есеге ұлғайды. Полиэтилен құбырлар, цемент, жарықтандыру құралдары бұған дейін басқа елдерден тасымалданатын болған. Қазір олар өз облысымызда шығарылады. Жамбыл кәсіпорындары шетел рыногына жоғары сапалы химия өнімдерін өткере бастады. 2015 жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 36 пайызға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге дейін өсіруге қол жеткіземіз. Бұл – өндіріске жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы мүмкін болады. Химия және металлургия сала­сында жаңа серпінге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгін медициналық бұйымдар, атап айтқанда, тоқылмаған материалдан жасалған біржолғы медициналық киімдер өндіретін жаңа зауытты іске қосамыз. Зауытқа озық технологиялар қойылды. Жаңа зауыт арқылы еліміздегі меди­циналық мекемелердің қажеттіліктерін толық қамта­масыз етеміз. Бұл зауыт ТМД елдері  бойынша алғашқы зауыт болғандықтан, олардың рыногында бәсекелестікте алда боламыз, деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпорынның ашылу салтанатында. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.