• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2011

Халық тілегі – тыныштық еді ғой...

422 рет
көрсетілді

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында келеңсіз жағдай орын алды. Орталық алаңда мерекелік  шаралар өтіп жатқанда бір топ жас­тар алаңға тігілген киіз үй­лерді, мерекелік сахнаны және жа­ңажылдық шыршаны қиратып, іс-шараның одан әрі өтуіне кедергі келтірді. Ха­лыққа көтеріңкі көңіл-күй, ән-жыр сыйлағалы тұрған қыз­меткерлерге жазықсыз жәбір көр­сетті. Олардың жалпы саны а­л­ғашқы мыңдықтан бес мыңға дейін жеткенде тәртіп­сіздік одан әрі етек алып, құқық қорғау орган­да­рына да қарсы әре­кеттер жасалды. Түрлі сом темір, суық қарулармен, тіпті, мылтықпен қаруланған топ қалалық әкімдік үйін, «Өзен­мұ­найгаз» өндірістік фи­­лиалының кеңсесін, бес жұл­дыз­ды «Аруана» қонақ үйін қиратып, отқа орантты. Жеке азаматтардың 42 дүкені, екі тұрғын үй, қаладағы ірі сауда ор­ындары, «Шолпан», «Ат­ланта», «Технодом», ондаған банкоматтар өртеніп, қиратылып, дүние-мүлік, азық-түліктер талан-таражға түсті. Полиция қызмет­кер­ле­ріне тәртіп­сіздікті тоқтатып, адам­­дарды қор­ғау мақсатында қару қолдануға тура келген. Соның нә­тижесінде ал­аң­дағы, көшелердегі қақтығыстар сал­дарынан 10 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жа­рақаттанды. Оқиғаның өрши түс­ке­ні сол, тіпті кейбір азаматтардың ав­токөліктері тоқтатылып, өздері то­налды, деді журналистермен әңгі­ме­де облыс­тық ішкі істер департаменті бас­ты­ғының орынбасары, полиция полковнигі Т.Мұсаханов. Қа­лалық ауруханада болғанымызда жара­қат алып түскендерге тиісті көмек өз дәрежесінде беріліп жат­қан­ды­ғына куә болдық. Ол жұ­мыс­тар жайлы Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің жауап­ты хатшысы С.Мусинов мыр­­­за жа­рақат алғандарға тиісті кө­мек беру үшін Астананың өзінен 18 дә­рігер келгендігін, жарақат ал­ғандар үшін қажетті дәрі-дәр­мектер де, мамандар да жеткілікті екендігін айтты. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, облыс басшысы Қ.Көшербаев бас­таған топпен бірге кеше Жаңа­өзен­де болғанымызда басшылардың күн­діз-түні ұйымдас­ты­ру, көмек көрсету шараларымен айналысып, халықтың амандығы мен елдің тыныштығын орнық­ты­ру үшін жұ­мыстар жүргізуде екендігін байқа­дық. Және де облыс басшысы бұл істе ішкі істер бас­қармалары қыз­мет­керлерінің жан­қиярлық еңбек­терін атап көрсетті. Жарақат ал­ған­дарға тиісті көмек берілуде екендігін жеткізді. Дәл қазір халықтың тыныштығын сақ­тау үшін барлық жағдайлар жасал­ғандығын айтты. Қазір қоғамдық тәртіпті бұзған 100-ден астам жастар ұсталып, тергеу амалдары жүр­гізілуде. Мұнайшы­­лар ордасы атанған Жаңаөзен халқы бү­гіндері осындай қиын сәттерді бастан өт­керіп отыр. Бізбен кездескен тұр­ғындар ақ тілектері ел тыныш­ты­ғы екендігін білдіріп, алдағы күн­­дер­ден тек қана жақсылық кү­ту­де. Оларға біз де соны тілейміз. Жоламан БОШАЛАҚ,«Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.