• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысына барды

299 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында болды. Сенаторлар ауданға қарасты Жуалыой елдімекенінде болып, Құлшық су қоймасынан тартылатын су құбыры жобасымен толыққанды танысты.

Сонымен қатар депутаттар Бірлік ауылдық округінде болып, ауылдық тыныс тіршілігімен танысты. Халық қалаулылары бастаған топ құрылысы биыл қаңтар айында аяқталатын ауыз су станциясында болды. Жоба құны 208 миллион теңге болатын аталмыш құрылыс «Ақ бұлақ» бағдарламасымен салынған болатын.

Бұдан кейін Сенат депутаттары Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, халықтың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мінберге көтерілген Н. Төреғалиев Парламентте атқарылып жатырған қызметтер мен қабылданып жатырған заңдар туралы қысқаша баяндаса, Е. Мұқаев Сенат қызметі туралы сөз қозғай отырып, облыста атқарылып жатырған игі істерді республикамен салыстыра баяндап берді.