• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2018

«Сотсыз татуласу орталығы» ашылды

408 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Ардагерлер үйі» ғимаратынан орын берілген татуласу орталығына аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев пен аудандық сот судьясы Л.Әлібекова арнайы келіп жұмысымен танысты.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдағы жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру арқылы тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын.

Бүгінде ел ішінде түрлі дау-дамайлар көп. Біреудің тауығы көрші үйдің ауласына кіріп көгеріштерін майқандап жатса үй иесі ашумен аяғын сындыруы мүмкін. Әлденеге бола керіскен азаматтар бір-біріне қол жұмсайтын уақыттар болады. Әдейі жасалған қылмыс болмағандықтан екі тарапты сотқа сүйреу әділетті шешімге жеткізе бермейді. Күні ертең бір-біріне реніші тарайтын тараптарды татуластыруға бітімгер керек. Орталық осы міндетті мойнына алып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы