• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Шілде, 2018

G20: Сауда-саттық соғысының күшеюі әлемдік экономикаға қауіп төндіріп тұр

406 рет
көрсетілді

Әлемнің «Үлкен жиырма» елдері қатарындағы банк басшылары мен қаржы министрлері АҚШ-пен болып жатқан сауда соғысының күшеюі әлемдік экономикаға қауіп төндіріп тұр дейді. АҚШ-та бекітілген саудаға қатысты шектеулер әлемдік ІЖӨ 1,5 пайызға төмендетуі мүмкін.

Сауда-саттық мәселесі бойынша Аргентинада өткен әлемдік келіссөз кезінде  экономика және қаржы Еурокомиссоры Пьер Московиси тараптармен ортақ келісімге келе алмағанын айтады. «Кездесу барысында бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Бұл жақсы бастама, бірақ келіспейтін тұстарымыз, күрмеу шешілмей тұрған мәселе бар», дейді ол.

Ал АҚШ-тың қаржы министрлігі басшысы Стивен Мнучин қытайлық әріптесі Лю Кунмен дұрыс сөйлесе алмағанын және Қытай делегациясы журналистермен сөйлесуден бас тартқанын айтты.

«Осы аптада президент Трамп Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен кездесіп, еркін және әділ саудаға қол жеткізгіміз келеді» деді ол.

Еурокомиссиядағылар Юнкердің Трампқа ешқандай ұсынысы жоқ екенін, қазір тек шуды қалай басу керектігі туралы пікірлесетінін айтуда.