• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2018

Шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңы тарту етілді

1145 рет
көрсетілді

Аягөз ауданының Шыңғожа батыр ауылы­ның осыдан 15 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері ауылдастарына ерекше сый жасады. Олар шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңын тарту етті.

Аталған елді мекеннің 2003 жыл­ғы түлегі Мадияр Бендебаев ауыл­дағы орталық көшелердің бірінде орын тепкен ойын алаңында бала­ларға қажет алтыбақан, әткен­шек, сырғанақ секілді дүние­лер­дің барлығы бар екендігін ай­тады.

«Өзіміз туып-өскен ауыл­ға көмек­тес­пегенде кімге кө­мект­есе­міз? Біз­дің балалық шағы­мызда жазда су­ға түсіп, әртүрлі ойындар ойнау­шы едік. Қыста ауыл сыртында шаң­ғы тебетінбіз. Қазіргі балалар теле­фон мен интернет желілерінде көбі­рек отырады. Мақсатымыз – жас өркендер таза ауада көп жүріп, уа­қыт­­тарын мәнді де мағыналы өткізсе дей­міз. Сол үшін де осынау ойын ала­ңын сыйға тартып отырмыз», – дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы,

Шыңғожа ауылы