• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Тамыз, 2018

Қазақстандық балалар «Евровидениеге» қатысады

311 рет
көрсетілді

2018 жылғы 25 қарашада Минскіде «Евровидениенің» ана­логы – «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән бай­­қауы өтеді, оған 9 жастан бас­­тап 14 жасқа дейінгі орын­дау­шы­лар қатысады.

Қазақстан бай­қаудың 15 жыл­дық тарихын­да алғаш рет қа­тысқалы отыр. Қазақстанның аумағында бай­қауды «Хабар» телеарнасы көр­сетеді. «Хабар» агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бас­тап Еуропалық хабар тарату ода­ғының (EBU) қауымдасқан мү­шесі, осы мүшелік аталған бай­қауға қатысу үшін елден үміт­кер ұсынуға ықпал етті.

«Хабар» агенттігінің бас­қар­ма төрағасы Алан Әжі­ба­ев: «Қазақстанның қаты­суы жөніндегі келіссөздер ұзақ уақыт жүргізіліп келді, «EBU» шешімі соңғы сәтке дейін бел­гі­сіз болатын. «Хабар» «EBU» қау­ымдасқан мүшесі болып та­бы­латындығына қарамастан, осы тектес ауқымды халық­ара­лық іс-шараларды техникалық жаб­дықтау, телевизиялық тол­тыру және трансляциялау тә­жі­рибесі бойынша белгілі бір та­лап­тарға сәйкес келуі қажет бол­ды. Осы атақты байқауға еліміздің қатысу мүмкіндігі пайда болғанына қуаныштымыз. Қазіргі сәтте біздің агенттік пен Ақпарат және коммуникациялар ми­нис­трлігі елімізде ірік­теу жүр­гі­зудің бірнеше нұс­қасын қа­рас­ты­руда, әрбір та­лантты бала­ның қатысуға мүм­кін­дігі болуы үшін барынша оң­тайлы нұсқа ой­ластырылуда. Бәрі жақын арада айтылатын болады», деді.

Шарт бойынша байқауға қатысушылар жаңа, еш жерде жарияланбаған ән орындауы, сондай-ақ ұзақтығы 2 ми­нут 45 секундтан бастап 3 минутқа дейінгі өз ком­по­зи­циясын жанды дауыс­пен айтуы қажет. Жеңімпаз те­ле­кө­­рер­мендердің және құра­мы­­на 5 адам (үш ересек және екі бала) кіретін, барлық қа­ты­сушы елдерден құралған қа­­­зылар алқасының дауыс бе­р­уі жолы­мен анықталады. «Е­вро­­ви­дениенің» ерекшелігі – ба­лалар байқауында жеңімпаз ел автоматты түрде келесі бай­қауды өз елінде өткізу құ­қығын иеленбейді, бұл жас қа­ты­су­шыларға қысымды азайту үшін жасалды. Байқаулардың ұйым­дас­тырушыларын Еуропалық хабар тарату одағы алдын ала анықтайды.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»