• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Көре алмаушылық па деймін

337 рет
көрсетілді

Мен кезінде Жо­ғар­ғы Кеңестің 12-ші ша­қы­рылымының де­пу­таты болғанымда, Тәуелсіздік декларациясына дауыс беріп, оның қабыл­да­нуына белсене қатыс­қан адамның бірімін. Сол кезде біз Қазақ­станның көкбай­ра­ғына, әнұраны­на, елтаң­ба­сы­на, Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назар­баев­қа дауыс берген едік. Енді, міне, содан бері тәуелсіз еліміз үл­кен жетістікке жетіп отыр. Елімізде 20 жылда бейбітшілік пен келісім орнап, қазір бүкіл әлем соған қызыға қарайтын жағ­дай­ға жетті. Ал Жа­ңа­өзендегі оқиға­дағ­ы қыл­мыстың бәрібір ашыла­ты­нына сенемін, оған кү­мәнім жоқ. Қазір бізге осындай оқиғалардан са­бақ алып, бірлігімізді ны­ғайтуымыз керек деп ой­лаймын. Мен өзім акушер-гинеколог дәрігер ретінде сә­би­лердің дүниеге келгенде қандай тәтті бо­латынын жақсы білемін. Бала өмір үшін, өмірдің қызығын көру үшін келеді. Биыл Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығы. Осы уақыт ішінде тәуелсіздікпен құр­дас балалар өсіп, жетілді. Қазір олар оң-солын танитын жігіт жа­сына келді. Бұл балалар ХХІ ға­сырда елімізді өркендетіп, да­мы­татын азаматтар. Сондықтан бізге өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген жөн. Әр отбасы – кішігірім мем­­лекет. Тәрбиенің бәрі отб­а­сы­нан бас­та­лады. Біз ба­ла­ларға «бұл сенің Ота­ның, бұл сенің жерің, бұл сенің үйің» деген әңгі­ме­лерді жиі айтып, бой­лары­на отансүйгіштік сезім қа­лып­­тас­ты­рып, тәрбиелеп өсіруіміз керек. Со­сын елде рухани құнды­лық­тарды дәріптеп, үлкен идео­ло­гия­лық жұ­мыстар жүргізіл­се жақсы болар еді. Қазір біздің елде саяси тұрақ­тылық, халықтар арасында бірлік пен достық бар. Жаңаөзендегі жағ­дай біздің елдегі осы саяси тұ­рақтылықтың, бірліктің болғанын көре алмағандардың әрекеті ме деп те ойлаймын. Нина КАЮПОВА, «Қазақстан әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.