• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Тамыз, 2018

Түркi кеңесi Туризм министрлерiнiң төртiншi кездесуi Астанада өтеді

403 рет
көрсетілді

Түркi кеңесi Туризм министрлерiнiң төртiншi кездесуi 8 тамызда Астана қаласында «Хилтон Экспо» қонақ үйінде басталады.

Министрлер кездесуiне, Түркі кеңесі туризм министрлері (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия), Түркі кеңесі мүше мемлекеттерінің тиісті министрліктерiнiң жоғары лауазымды тұлғалары және ұлттық туроператорлар қатысады.

Министрлер кездесуiнен бiр күн бұрын Түркі кеңесі туризм жөніндегі жұмыс тобының 13-ші отырысы өтеді. Жұмыс тобының отырысы 2018 жылы 7 тамызда Астанада басталады.

Аталған жиынға Түркі кеңесі мүше мемлекеттерінің тиісті министрліктерінің өкілдері және жұмыс тобының мүше туроператорлары қатысады. Кездесудің модераторы қызметін Түркі кеңесі Бас хатшы орынбасары Өмер Коджаман атқарады.

Кездесу барысында, әсiресе Өзбекстан, Түркіменстан және Қытаймен туризм саласында қарым-қатынастарды дамыту, түркітілдес мемлекеттер арасында визалық режимдерді жеңілдету, БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымымен байланысын нығайту, сондай-ақ, түркі мемлекеттерінің Ұлы Жібек жолындағы бай тарихи мұрасын бейнелейтін және қазiргi таңда алғашқы туристерді қабылдауға дайын «Заманауи Жібек жолы» бірлескен туристік жобасын жарнамалау мен хабарлаңдыру мәселелерi және туризм саласындағы басқа да тақырыптар талқыланады.