• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2018

Cемей тұрғындары «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына орай жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

329 рет
көрсетілді

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай «Электронды үкімет және мемлекеттік электронды қызмет» атты оқу курстары жер-жерлерде ұйымдастырылып жатқаны баршаға мәлім. Осы жоба арқылы Қазақстан халқының цифрлық жүйе бойынша білімін арттыру қажеттігі де туындап отыр.

Бүгін Семей қаласында осыған орай семинар өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала тұрғындарын интернет арқылы мемлекеттік қызмет түрлеріне тапсырыс беру мәселесі қызықтырғандықтан, осы саланы меңгеру семинардың соңғы күніне орайластырылыпты. Қала әкімі аппарататының өкілі, семинарды ұйымдастырушылардың бірі Айдана Ермұратқызының айтуынша, семинарға қарапайым тұрғындардың барлығы қатысып отырғандықтан да, дәріс түрінде емес, сұрақ-жауап түрінде өткізуді жөн санаған. Алдымен тақырыпты түсіндіріп алған соң, жұртшылықтың сауалдарына назар салынады. Осы жерде бір-екі компьютер де бар екен. Сол арқылы жұмыс істеп көруге де болады. Мәселен, ХҚКО мамандары электронды қызмет үлгілерін, «Қазпочта»АҚ-ы өкілдері электронды сауда-саттықты, ал Семей қалалық әкімшілігінің мемлекеттік қызметкерлері «Ашық үкімет» тақырыбында семинарлар жүргізді. Халық барлығын зор ынтамен тыңдап, бір кісідей атсалысты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

Семей