• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2018

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер мүгедек жандарға арнайы құрылғы ойлап тапты

449 рет
көрсетілді

Петропавлдық жас  кәсіпкер  мүмкіндігі шектеулі  жандарға тұрмыстық заттар үшін қолданылатын қажетті құрылғы жасап шығарды.  

Мұндай құрылғылар елімізде еш жерде құрастырылмайды.  Оның  авторы   Руслан Смағұлов  бірегей аспапты өзге елдер үшін де құрастырмақ.

«Бірде көршім банкаларды  ашып беруімді өтініп, көмек сұрап келді.  Осыдан кейін бір қолы жоқ үй шаруасындағы әйелге  жәрдемдесудің жолын іздестіріп, бір айдың ішінде  осы құрылғыны  жасап шығардым», дейді Руслан. 

Жас кәсіпкер қазір тендерлерге қатысып, өнімдерін Петропавл, Көкшетау, Астана қалаларына өткізіп жүр. Енді өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Түйме, кілт, тағы басқа күнделікті тұтынатын заттарды  ұстап тұратын  көмекші құралдарға сұраныс көп.

«Үздік  әлеуметтік жоба» өңірлік  байқауында жас кәсіпкердің өнертапқыш жаңалығы жақсы қырынан бағаланып, 700 мың теңге сыйақы алыпты.

Бүгінде облыста  мүмкіндігі  шектеулі 27300  адам бар.  Оның  2 мыңы – балалар.  7 мыңға жуық  жан Руслан жасайтын құрылғыны қажет етеді.    Қытай мен Ресейде  олардың  бағасы қымбат. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы