• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2011

Шат жүзіңді мұң шалмасын, бүлдіршін!

368 рет
көрсетілді

Астанада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына ар­налған мәдени іс-шаралар жалғасуда. Олар қаланың жоғары және орта оқу орындары, балабақшалар мен басқа да білім ордаларында өтуде. Жақында солардың бірі Тәу­елсіздік күні қарсаңында №54 «Нұр-Ай» балабақшасында бо­лып өтті. Мұнда мерейтойлық іс-шараларды өткізу дәстүрге ай­налған. Атап айтқанда, Жаңа жыл­дық шырша, Наурыз мей­рамы, Астана күні мен басқа да мерекелер назардан тыс қалған емес. Осы мейрам күндері бала­бақша тәрбиешілері бүлдіршін­дер­дің бойында ата-ананы құр­меттеу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар өткізеді. Сондықтан ба­ла­лардың ата-аналары тәрбиеші­лер­дің жұмысына әрқашан риза­шылықтарын білдірумен келеді. Әсіресе, ата-аналар тәрбиеші Бағ­дат Қадірберлинаның балалармен жұмыс істеу әдісіне, тын­дырымдылығына, елгезектігіне тәнті екенін айта кеткен жөн. Жақында Бағдат Алда­бер­ген­қызы өзінің тәрбие ісіндегі жұ­мысын тағы бір қырынан көр­сет­ті. Ол өзіне тиісті мектепалды даяр­лық «Қарлығаш» тобына «Елім­нің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік жасап берді. Оның мақсаты – балаларды Ота­нымыз­ды сүюге, еліміздің рәміз­дерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспен­ші­лігін ояту, елін, жерін, тарихын құрмет­тейтін, жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалып­тас­т­ыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәр­бие беру. Ертеңгілік тәуелсіздік жо­лын­­­дағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, балаларды отансүйгіш­тікке, елжандылыққа тәрбиелеу, тәуелсіздік алғаннан кейінгі елі­міздің жетістіктері мен балалар­ды таныстыру, білімдерін кеңей­те түсу, жас өскінге елінің бай­лығын қорғау қажеттігін үйрете отырып, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар қажет екендігін ұғын­дыру мақсатында да өткізілді. Мұнда әуелі балалар жұдырық­тай кішкентай жүректеріне қол­дарын қойып, бір адамдай елі­міздің Әнұранын айтып берді. Со­дан кейін жүргізуші Тәуелсіз­дігіміздің – ең басты құнды­лы­ғымыз екенін, бұл күнге біз сан ғасырлар бойы армандап жеткенімізді, ал қазір Тұңғыш Президент Нұрсұлтан На­­зар­­баевтың баста­уымен елі­міздің бүкіл әлемге та­нылғанын айтқан соң, балалар Тәуелсіздік, сол тәуел­сіздікке түр­ткі болған Желтоқсан оқиғасы туралы жыр-шашула­рын шашты. Одан әрі осы оқиға туралы қо­йылым мен «Желтоқ­сан ызғары» атты бейнесюжет көрсе­тілді. Ертеңгіліктің екінші бөлі­мін­де балалар тағы да Тәуелсіздікке  арналған жыр-шашулар айтып, манадан бері өнерлерін ұйып тыңдап отырған ата-аналарының бәрін тәнті етті. Содан кейін бүл­діршіндер кезек-кезегімен тәу­елсіздік алған кезден бері болған маңызды оқиғаларды рет-реті­мен тізіп, «Қазақстан», «Жел­тоқ­сан желі», «Өз елім», «Саржайлау», «Ару қалам – Астана», «Ас­тана – Бәйтерек», «Тәуелсіз­дік алған күн», «Қыран дала» сияқты ән­дерді орындап берді. Ертеңгілікте балалардың «Білек сайысы» мен «Қыз қуу» ойын­да­ры және Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді сом­да­ған рөлдері қызық­ты және тар­тымды болды. Ша­раның соңында Әз-бабалардың бата бергені мен балалардың «Атамекен» әнін ор­ындағаны да қызықты әрі әсерлі шықты. Дастан КЕНЖАЛИН. АСТАНА.