• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2018

Алик Шпекбаев Ұлттық бюроның аумақтық басшыларын өзара алмастырды

561 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ұлттық бюроның аумақтық басшыларын өзара алмастырды. 

Бұл ротацияға қатысты Астанада өткен баспасөз мәслихатында агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин: «Ротация лауазымдарында 2 жылдан 4 жылға дейінгі аралықта жұмыс атқарған Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департамент басшыларына қолданылды», - деді. 

Ротация жасаудағы негізгі мақсат - қызметкерлердің ой-өрісін бір шеңберде қалмауын қадағалау. Бұл арқылы жершілдікке жол берілмейді. Осыған байланысты  агенттік төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын алмастыру туралы шешім қабылдады. 

Атап айтқанда, Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нығмеджан Сапаров тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Әділхан Әшірбаев тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып Павлодар облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Денис Шакенов тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Сергей Потанин тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қостанай облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Елдос Сағиев тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып Алматы қаласы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Ержан Ибраимов тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Атырау облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Құрмаш Сейітбеков тағайындалды;

- Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Жамбыл облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Мұрат Қарымсақов тағайындалды. Сондай-ақ Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Нұрлан Қамбатыров тағайындалды.