• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Тамыз, 2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

413 рет
көрсетілді

«Сергек» камералары 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты ашуға мүмкіндік берді. Айыппұлдың жалпы сомасы 14 млн теңгені құраған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде iKomek қалалық жедел мониторинг және ден қою орталығы, бас қаладағы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында, тек жүйелі мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін де қамтамасыз етуде. Мысалы, бірінші жарты жылдықта орталықтың операторлары бейне тіркеуші камералар көмегімен 2 мыңға таяу әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Нақтырақ айтар болсақ, 1830 алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарға мас күйінде келу (ҚР ӘҚБТК-нің 441-бап) және қоғамдық орындарда темекі тартудың 111 оқиғасы тіркелген.