• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2018

Семейде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті

537 рет
көрсетілді

Таяуда Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орталық саябақта мерекелік жиын өтті. Жиынға келген жастардың қуанышында шек жоқ, үлкен-кішінің барлығы бас қосып арқа-жарқа болысты.

– Шарамызға Семейдің 100-ге жуық жастары қатысты, – дей­ді Семей қалалық жастар ре­сурстық орталығының маманы Думан Кенжеғазин. Оның ай­туынша, «Домбыра Party» са­йысында жастар домбыра­ның құлағында шебер ойнайтын­дық­тарын байқатты. Қос ішекті ұлт­тық аспаптың үні орталық саябақ ішіндегі қарияларға қатты ұнаған. Шара барысында кішкентай ұл балалар үшін «Асық Party», қарбыз жеуден жа­рысқа түскен «Қарбыз Party» жарыстары тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлады.

«Бауырсақ шоу» интел­лек­туалдық ойыны да қызықты өтті. Бұл жерде қойылған интеллектуалды сұраққа дұрыс жауап берген әр жасқа молынан бауырсақ берілді.

– Шараға қариялар да, кіш­кен­тай бүлдіршіндер де келіп қызыға  қатысып жатыр, – дейді Жастар ресурстық орта­лы­ғы­ның маманы Думан Кенже­ғазин, – оларға домбыра тартуды, асық атуды үйреттік. Ұлттық өне­рі­мізді жалғастырушы жас ұрпақ­тың қатары арта беруі керек. Балдырғандар сондай-ақ өзара жарысып сый­лық­тарын алды.

Белсене қатысқан жастарға ма­рапаттар табыс етіліп, кеш соңы көңілді биімен жал­ға­сын тапты. 

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист

СЕМЕЙ