• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Су спорты 21 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы күміс алды

690 рет
көрсетілді

Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Соңғы матчта Жапония құрамасын 12:11 есебімен жеңген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді.  Қазақстан қыздар командасы 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Алтын медальді барлық матчта қарсыластарынан басым болған қытайлықтар иеленсе, қола жүлде Жапония қыздарына бұйырды.  Осылайша су добының шеберлері Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы оныншы медальді сыйлады.