• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Тамыз, 2018

«СК-Фармация» компаниясының экс басшысы Максим Касаткинді үй қамақта ұстау мерзімі ұзартылды

282 рет
көрсетілді

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 тамызда күдіктіні үй қамақта ұстау мерзімін 15 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады», деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Максим Касаткин 2015 жылы дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын заттарды заңсыз сатып алды деген күдікке ілігіп,  2017 жылғы 15 қыркүйекте ұсталған болатын. 

Ал өткен айда Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты Касаткин Максим Евгеньевичке қатысты бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге, яғни 15 тамызға дейін үй қамақта ұстау жазасына ауыстырды.