• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Құқықтық мәселелер талқыланды

292 рет
көрсетілді

Қазақстандағы саяси партиялардың оңтүстіктегі филиалдарының біразына қоңырау шалғанбыз. Сай­лау­алды үгіт-насихат жұ­мыс­тарына әр қилы кірісіп жатыр.  Аудан, ауылда­р­да­ғы жақтастарының тізімін әлі толық алып үлгер­ме­ген­дері де бар. Астана, Ал­матыдан келетін серкелерін күтіп, әліптің артын бағып отырғандары да баршылық. Оларға қарағанда “Әді­лет” демократиялық пар­тия­сы атқа жеңіл болып тұр­ған сыңайлы. Қысқа мер­зімде оңтүстіктің шы­ғы­сы мен батысын көктей өтіп, жақтастарымен бірнеше кездесу өткізген пар­тия­ның серкесі Мақсұт Нә­рік­баев теріскейге, яғни Со­зақ ауданына аттанғанда, Мұ­сағали Дуанбеков баста­ған белсенділері Шымкент­те­гі “Отырар” телеарнасы­ның баспасөз орталығында жұртшылықпен кездесу өт­кіз­ді. Жиынға атажұртқа орал­­ған қандастарымыз ода­ғы­ның төрағасы Артықбай Үкі­­баев және тәуелсіз кәсіп­одақ одағының өкілдері қа­ты­сып отырды. “Әділет” де­мо­кра­тия­лық партиясының сай­лау­алды тұғырнамасы то­лық таразыланғаннан кейін бас­қо­су дөңгелек үстел жағ­дайы­на ойысты. Ел ішінде әділеттік таппай жүргендер көп. Заң та­лаптарын білмейтіндіктері де оқыс оқиғаға ұрындырып, өкінішке ұласып жатады. Кей ретте осыған заң орын­дары­ның өзі жол беріп жата­тындығы да бар. Мәселен, жеті жыл судья болып қыз­мет атқарған келіншек осы қызметтен жоғарыдағы бас­шы­лардың қылмысқа итермелеуінен кеткендігін айтып шағынды. Сұрақтар көп қойылды. Жауап берілді. Әрине, бір мәселені бір мезгілде шешетін сиқыршының таяғы ешкімде жоқ. Ол ертегілерде ғана болатынын әркім-ақ түсінеді. “Әділет” партиясының ОҚО-дағы филиалы төр­айы­мының орынбасары Салтанат Құттыбаева толғақты мә­селелерді шешуге уақыт керектігін айтады.

*  *  *

Бүгінде «Әділет» де­мо­кратиялық партиясын қолдау мақсатында өзге өңірлердегі жастар да аянып жатқан жоқ.  Кеше Астананың сол жағалауында партияның «Әділ жастар» қанаты өкіл­дері Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдық ме­рей­тойына орай арнайы ав­тошеру ұйымдастырды. Бұл шараға 20-ға тарта автокөлік тартылды. Авто­шерудің басты мақсаты – қоғамның сайлауға деген назарын аударту, жастар белсенділігін арттыру және алдағы сайлауда «Әділет» демократиялық партиясы­на қолдау көрсету. Бұл тұрғыда әділеттік­тер­дің ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын сайлау үдеріс­те­рімен, оның ішінде үгіт-насихат жұмыстарымен бай­ланыстыруы көрер көз­ге ұтымдылығымен ерекшеленгенін атап көрсеткен жөн. Бұл арада негізгі идея ел Тәуелсіздігі болмаса, дербес мемлекет ретіндегі демократиялы және ашық сайлау да болмас еді дегенді меңзеді. Бақтияр ТАЙЖАН.