ҚР сыртқы істер министрлігі Бостондағы ағайынды Царнаевтар ұйымдастырған терактіні тергеу кезінде жазаға тартылған қазақстандық Диас Қадырбаевтың АҚШ-тан Қазақстанға әкелінетінін растады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Диас Қадырбаевты Қазақстанға депортациялау үшін көші-қон түрмесіне ауыстырғанын растаймыз. Ол өз жазасын өтеді. Оның елге қашан әкелінетіні Америка билігінің тиісті процедураларды рәсімдеп бітуіне байланысты», делінген СІМ таратқан хабарламада.