• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2018

Хоккайдодағы зіл-заладан 39 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

310 рет
көрсетілді

Хоккайдодағы зіл-зала апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга.

Бұдан бөлек 125 тұрғын зардап шегіп, олардың 39-ы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. 

Жауапты хатшының сөзінше, аралда электр энергиясы үзіліп, 3 миллионнан астам үй жарықсыз қалған. Құтқару жұмыстарына 20 мыңдай қорғаныс және полиция, өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылған, қазір олардың санын 25 мыңға жеткізу қолға алынды. 

Сәрсенбі күні Хоккайдода магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Ибура ауданынан басталған сілкініс ошағы 37 шақырымға дейін тереңдеген.