• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қыркүйек, 2018

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

930 рет
көрсетілді

Бұрынғы Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Елбасы жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды", делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған.