• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2018

Калгари дүбірлі доданы өткізуге $4 миллиард бөлуге әзір

377 рет
көрсетілді

2026 жылы алауы тұтануға тиіс XXV қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарын өткізуге үміткерлердің бірі – Канаданың Калгари қаласы осы шаралардың ұйымдастыруға 4 миллиард АҚШ долларын бөлуге әзір екендерін мәлімдеді. 

Төрткүл дүниенің теңдессіздерін басын қосқан Ақ Олимпиада былтыр Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында дүркіреп тұрып өткен болатын. 2022 жылы айтулы жарыс Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде ұйымдастырылады. Ал 2026 жылы алауы тұтануға тиіс байрақты бәсекені қай қаланың қабылдайтыны келесі жылдың қыркүйек айында Италиядағы ең көрікті шаһарлардың бірі – Миланда өтетін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОҚ) конгрессі барысында белгілі болады.

Әзірге бес үміткер бар. Олар –  Канаданың Калгари, Түркияның Эрзурум, Жапонияның Саппоро, Швецияның Стокгольм және Италияның Милан, Турин және Кортина-д'Ампеццо қалалары. Олардың біразуында бұған дейінде талай дүбірлі дода өткен. Атап айтсақ, Калгари 1988 жылғы қысқы Олимпия ойындарын қабылдады. Кезінде Кортина-д'Ампеццо (1956) мен Туринде (2006) де Ақ Олимпиаданың алауы тұтанған. Стокгольмде 1912 жылғы жазғы дода ұйымдастырылған болатын.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»