Бас хатшы Әмiреев, Министр Чавушоғлұға Түркия Сыртқы істер министрлігінің Түркі кеңесіне көрсеткен қолдауы үшiн өзінің жүрекжарды алғысын білдірді.
Кездесу барысында Бас хатшы Сыртқы істер министріне Түркі кеңесінiң құрылған кезден берi атқарған жұмысының қорытындысы туралы толық ақпарат берді. Ол, сондай-ақ, Түркi ынтымақтастық ұйымдарын оңтайлау және реформалауға бағытталған тұжырымдама жобасы, Хатшылықтың iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер мен ұйымның алдағы уақытта жоспарланған жұмыс кестесіне тоқталды.
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мәуліт Чауышоғлу Бағдад Әміреевті Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне толағай табыс тіледі. Сыртқы iстер министрi Чауышоғлу Бас хатшының берген ақпаратына ризашылығын білдіріп, Түркi кеңесiнiң Түркия Сыртқы істер министрлiгi үшiн стратегиялық маңыздылығын және ұйымның барлық iс-шараларына қолдау күшейтілетінін атап өтті.
Кездесу соңында Бас хатшы Әміреев Сыртқы істер министрi Чауышоғлуға естелiк сыйлық ұсынды.
Аталған сапарға Бас хатшы орынбасары Омер Коджаман мен Жоба директоры Асан Мәжитов та қатысты.