• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2018

Аягөзде 600 орындық қазақ мектебі ашылды

947 рет
көрсетілді

Бүгін Аягөз қаласында 600 орындық қазақ мектебі ашылды. Жаңа білім ордасының ашылуына Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов, қоғам қайраткері Төлеутай Сүлейменов бастаған құрметті қонақтар қатысты.

Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің директоры Айтқазы Қасымжановтың айтуынша, оқу ордасының салынуына 1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысы жұмсалыпты. "Бұған дейін Совет заманында салынған ескі ғимаратта отырған едік. Мына мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Аудандағы 19 IT сыныптың біреуі осында орналасқан" дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

"Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы