• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанның қос бишісі Азия чемпионатынан екі алтын медаль олжалады

453 рет
көрсетілді

Гонконгта өткен спорттық биден Азия чемпионатында Кирилл Новиков пен Ярослава Кузнецова жұптасып өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

  – Сары құрлық біріншілігіне 1,5 айдай тыңғылықты дайындалдық. Шыны керек, дүбірлі додаға барамыз деп ойлаған жоқпыз. Бірінші орынға көтерілгенімізге өте қуаныштымын. Бізде  Ярослава 10 жылдай, ал Кирилл 7 жыл жаттығады», – дейді «Савансер» хореографиялық мектебінің жаттықтырушысы Юлия Ширина.

Бишілердің сөзіне қарағанда 24 елдің арасынан қара үзіп шыға оңайға соқпаған көрінеді. Дегенмен, тамаша өнер көрсеткен олар еуропалық бағдарлама бойынша 5 би билеп, ең күшті саналатын қытайлық, жапондық, гонгконгтық қарсыластарын шаң қаптырған. Кирилл Новиковтың айтуынша, чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жеңістеріне біразға дейін сене алмаған. Жарыс яқталған соң  келесі күні тайфун басталыпты. 18-35 жас аралығында әлемнің әр қиырынан жиналған мың бұралған бишілермен бәсекелесіп, 2 сингл бойынша алтын жүлдені қоржынға салған.

Ендігі мақсат– қараша айында Австрияда өтетін әлем чемпионатында олжалы болу.

Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы