• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

960 рет
көрсетілді

Облыс  орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік  университетте  Гиннестің рекордтар кітабына 9-11 сынып аралығында 6 алтын, бір күміс және бір қола медальмен ең титулды оқушы ретінде енген, қазіргі күні Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті.

Туған қаласына сапарлап келген ол  университет студенттері мен оқытушыларымен кездесіп, өңірдегі «Рухани жаңғыру» аймақтық офисінің жұмысымен танысты.

Оқу орнындағы еркін форматтағы жүздесуде Қуат Есенов АҚШ-тағы өмірі туралы айтып берді.  Шетелдік компанияларда қызмет етуді ойлап жүрген жастарға алдымен ағылшын тілін үйренуге кеңес берді.

 -  Қазір заманауи технологиялардың тілін білу керек. Өйткені, әлемдегі барлық үдерістер ашық өтуде. Ол жақтағы ақпарат бұл жақта да қолжетімді. Жастар үйренуге, білуге өзін-өзі ынталандыра білулері қажет, - дейді Қуат Есенов.

Студенттерді Қуаттың  неліктен АҚШ-қа бардың, басқа емес Google-ды таңдағаны қызықтырды.

- Америкадағы адамдар бізден гөрі көбірек білімге құштар дей алмаймын. Ол жақта білімді адамдарға жақсы жағдай жасалған деп айту орынды. 

-Өз еліңді сағынасың ба? деген сұраққа Қуат Есенов.

 - Әрине, өз еліңнен артық жер  жоқ. Өз елімді сүйемін. Қазақ елінен екенімді ұмытпаймын.

-Америкада саған не жетіспейді? деген сұраққа

-Жылқы етінің дәмін сағынамын, - деп әзілдеді Қуат Есенов.

Елбасы  «Алтын бала” атаған Қуат Есенов, «100» жаңа есім жобасының қатысушысы. Облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Математика пәнінен жұлдызы жанған жас.

 2002 жылы Шотландияда өткен Халықаралық математикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, 2003 жылы Жапонияда және 2004 жылы Грекияда өткен олимпиада жеңімпазы, АҚШ-тағы Массачусетс штатының (Massachusetts Institute of Technology, MIT) технологиялық институтын бітірген  Математикаға деген қабілеті ерте біліне бастаған ол үш жасында әріп танып, оқуды үйренген. Мектептегі барлық пәндерді оңай игерген балаға мұғалімі Давид Ганелин бағыт-бағдар берген.

   

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Руфина Торпищева