• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Қыркүйек, 2018

«Астана» Киевтің «Динамосымен» тең түсті

393 рет
көрсетілді

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде «Астана» мен киевтік «Динамо» командаларының ойыны 2:2 есебімен тең түсті. К тобының бірінші кезеңінің ойыны Украина астанасы Киевте өтті. Ойынның 11 минутында «Динамоның» жартылай қорғаушысы Юрий Цыганков есепті ашса, 21 минутта босниялық қорғаушымыз Марин Аничич есепті теңестірді.

Бірінші таймның соңғы секундтарында киевтік команда екінші голын соғып үлгерді. Жартылай қорғаушы Марин Томасовтың орнына шыққан Ұлттық құрамамыздың форварды Роман Муртазаев 95 минутта гол соғып, ойынды тең аяқтады.