• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2018

Зырян ауданының аты Алтай деп ауыстырылды

504 рет
көрсетілді

Сүйінші! Бүгін Зырян ауданы мен қаласының аты Алтай деп ауыстырылды. 

Зырянда өткен қоғамдық тыңдауда аудан жұртшылығы мен аудандық мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұл жағымды жаңалықты облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов жаңа ғана ұялы телефон арқылы жеткізді.

Реті келгенде айта кетейік, бүгін – «Алтайдың жыршысы» атанған әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің туған күні. Аудан жұртшылығы айтулы жаңалықтың қаламгердің туған күнімен сәйкес келуін жақсы ырымға балап отыр.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар