• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қыркүйек, 2018

Халықаралық Адана фильм фестивалінің үздіктері анықталды

406 рет
көрсетілді

XXV Халықаралық Адана фильм фестивалі соңына таяды, деп хабарлайды Түркияның Cumhuriyet газеті.

Халықаралық қысқа фильм, халықаралық толық метражды фильм, оқушылар фильмі бөлімдерінен тұратын фильм фестивалі үздіктерін анықтады.

Халықаралық жарысқа 110 мемлекеттен 3111 туынды ұсынылды. Қазылар алқасының таңдауына 45 фильм жіберілді. Қысқа фильм категориясындағы үздік фильм режиссерларына 1600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды. Түркияның бірқатар режиссерлерінен құралған қазылар алқасы келесі фильмдерді үздік деп танып, марапатталды:

Ең үздік фантастика фильмі – «Ата» (Grandfather), режиссері: Amar Kaushik, Deneysel Dalda Ең үздік фильм – «Егер әлем кері айналса», (If The World Spinned Backwards), режиссері: Leonardo Martinelli Ең үздік деректі фильм – «Меморандум» (Memorandum), режиссері: Jennifer Lara Ең үздік еске алу фильмі – «Ащы теңіз» (Bitter Sea), режиссері: Fateme Ahmadi