• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы

826 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы 2008 жылғы 10 қазанда Бішкекте қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы ынтымақтастығы туралы конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 17-сі.   № 250-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 14 маусымда Мәскеуде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 17-сі.   № 251-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрудың негізгі принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 14 маусымда Мәскеуде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрудың негізгі принциптері туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 17-сі.  № 252-ІV ҚРЗ