• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2018

Арыстан Елемесов. Мені қуантқан құжат

349 рет
көрсетілді

Мен қарапайым еңбек адамымын, әйелім балабақшада тәрбиеші. Үш ұл, бір қызымыз бар. Көп жылдар несие төлеп, әй­теуір екі бөлмелі пәтерімізді өз аты­мызға рәсімдеп алдық. Он бес жылдан бері Астана тұр­ғыны болып келеміз. Менің де, әйе­лімнің де еңбекақысы тө­мен. Сондықтан жұмыстан тыс уақытта қосымша такси­ші болып жұмыс істеуге тура келеді. 

Менің бар арманым – балаларымды қатарынан қалдырмай өсіру. Әсіресе спортқа баулуға тырысамын. Төменгі сыныптарда оқығанда көп балалы отбасының мүшесі ретінде спорт­пен, бимен тегін айналы­суға мүмкіндігі болған. Бірақ үлкен сыныптарға барған соң алыстағы спорт кешендеріне баруға және оған ақы төлеуге тура келді. Оның ақысын төлеу­ді біздің қалтамыз көтере бер­мейді. Сондықтан екі үлкен баламның спорттан қол үзіп бара жатқанына өкініп жүретін едім. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Үкі­мет­ке жаңадан 100 дене шынық­тыру-сауықтыру кешенін салуға тапсырма беруі, мені қатты қуантып отыр. Әрине ондай кешендер Астанада да салынатын шығар деген үміттемін. Мұны естіп балаларым да мәз болып қалды. 

Сонымен қатар Жолдауда мектепке дейінгі білім беру сапа­сын жақсарту және педагог­тың мәртебесі туралы арнайы заң қабылдау туралы тапсырма берілді. Бұл он жеті жылдай тәр­биешілік тәжірибесі бар менің әйеліме және оның әріптес­теріне қуанышты хабар болды. 

Арыстан ЕЛЕМЕСОВ,

Астана электр-техника зауытының жұмысшысы