Біз, Мажарстан қыпшақтары Қазақстанда болып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайларды жіті қадағалап отырамыз, Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдаумен танысып, онда Қазақстан қоғамының тыныс-тіршілігінің барлық негізгі мәселелері қамтылғанын байқадық.
Ал елді дамытудың ұсынылған бағыты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуіне кепіл болады деп пайымдаймыз.
Елдеріміздің әлеуметтік салада ішкі саяси стратегияларының ұқсастығын атап өткім келеді. Мажарстанда 2018 жыл Отбасы жылы деп жарияланды, яғни қазіргі жастардың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жыл болмақ. Қазақстанда 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланып отыр. Мажарстан Қазақстандағы жастар саясатына өз үлесін қосып жатқанын атап көрсетсем деймін. Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында шамамен 400 қазақстандық студент оқиды, болашақта олар аға буынның игі бастамаларын ілгерілетуді өз қолдарына алып, Қазақстанның әл-ауқатын арттыруға өз үлестерін қосады деп санаймын.
Мажарстан – Қазақстанның Орталық Еуропадағы стратегиялық әріптесі. Қазақстан екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағытында Мажарстанмен достық қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін анық аңғарамыз. Біз тек саяси салада ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда да ынтымақтастығымыздың одан әрі нығайып келе жатқанын көріп отырмыз.
Екі мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өзара сенім негізінде құрылған стратегиялық әріптестік екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпалын тигізетініне кәміл сенеміз.
Мажарстан Қыпшақтар одағының Құрметті көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты Қазақстан Республикасын одан әрі өсіп-өркендетуге, мажар мен қазақ достығының нығаюына дәнекер болатыны күмәнсіз.
Шандор КОВАЧ,
Мажарстан Мемлекеттік жиналысының депутаты, Мажарстан Қыпшақтар одағының төрағасы