• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

281 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 78/144 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­лық заңының 89-бабына сәйкес Қазақ­стан Республикасы Орталық сайлау комис­сия­сы 2011 жылғы 30 желтоқсанда Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лі­сінің депутаттығына кандидаттарды мына­дай құрамда тіркеді:

1.

Әлиев

Жұматай

20.06.1952 ж., қазақ,

«Тұрлаулы Қазақстан» қоғамдық қорының бас­шысы, Орталық Азия университетінің Қам­қор­шы­лық кеңесі тө­ра­ғасы, профессор, Ал­ма­ты қаласында тұрады

2.

Ахмадиев

Мурат

Абдуреимович

12.01.1950 ж., ұйғыр,

Республикалық ұлттық ұйғыр орталығы бас­қар­масының мүшесі,

соңғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің де­пу­таты, Астана қала­сында тұрады

3.

Каппель

Егор

Яковлевич

24.11.1957 ж., неміс,

Қазақстан немістерінің «Возрождение» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының Немістер кеңесі мүшесі,

соңғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің де­пу­таты, Астана қала­сын­да тұрады

4.

Ким

Роман

Ухенович

08.05.1955 ж., корей,

Қазақстан корейлері қау­ымдастығының президенті, Алматы қала­сында тұрады

5.

Мурадов

Ахмет

Сейдарах-

манович

20.07.1951 ж., шешен,

«Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Алматы қаласында тұрады

6.

Нестерова

Надежда

Дмитриевна

03.11.1952 ж., орыс,

Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Жамбыл облысы бойынша төр­аға­сының орынбасары, Тараз қаласында тұрады

7.

Саяпова

Зухра

Алеутдиновна

06.02.1951 ж., татар,

«Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы­ның төрайымы, Астана қаласында тұрады

8.

Тимошенко

Юрий

Евгениевич

08.06.1962 ж., украин,

«Оберег» Украин ұлт­тық-мәдени орталығы­ның директоры, «Рада» Қазақстан украиндары одағының басшысы, Ас­тана қаласында тұрады

9.

Халмурадов

Розақұл

Сатыбалдиевич

01.05.1941 ж., өзбек,

«Дустлик» республика­лық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы, соң­ғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республика­сы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты, Астана қаласында тұрады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер берілді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.