• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қазан, 2018

«Токyo Open 2018»: спортшыларымыз 2 медаль жеңіп алды

258 рет
көрсетілді

Жапония астанасында каратеден лицензиялық турнир өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Токyo Open 2018» бәсекесінде қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабина Захарова күміс медальға қол жеткізді. 

Ал 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Чихмарев үздік үштікке енді. 

50 келіге дейінгі салмақта Әсел Серікова мен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ермак Айназарова жетінші орын иеленді.