• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Қамқорлықты сезініп отырмыз

332 рет
көрсетілді

Жақында өзіміз тұратын Денисов стансасына «Саламатты Қазақ­стан» атты денсаулық пойызы келді. Кент, жақын маңдағы ауылдар тұрғын­да­ры жапа-тармағай барып көрінді. Пой­ыз дегені болмаса, кә­дімгі көш­пелі емхана секілді. Ішінде ат са­был­тып аудан, облыс орта­лығындағы ауруханаларға іздеп барып көрінетін медициналық жаңа үлгідегі жабдық­тардың бар­лығы бар. Дәрігерлер мен медбикелер жы­лы қарсы алып, құрақ ұшып, медициналық тексерулердің барлы­ғы­нан өткізеді. Менің біраздан бері денсаулығым сыр беріп, мазам болмай жүрген. Ауылда тұрған соң, күнделікті шаруамен кейде дер уа­қытында дәрігерге жүгіруге мүм­­кін­­­дік бола бермейтіні жасырын емес. Кезегім келген соң мен де дә­рі­гердің алдына кірдім. Кардиолог дә­рі­гер қараған соң, маған: «Сіздің нау­қасыңыз жедел емдеуді талап етеді. Қазір ауруханаға жеткіземіз. Онда баратыныңызды отбасыңыз­ға хабарлап айтып қойыңыз, қо­рықпасын, емделіп шығасыз», деді. Сәл кешіккенімде, жүрек тал­ма­­сынан құлай­тын­дай жағдайда екен­мін. «Жедел жәрдем» қызме­тін шақырды да, дә­рігерлер мені тез арада аудандық ау­руханаға жеткізді. Сол жерде жүре­гіме ем алып, отбасыма тәуір болып оралдым. Ажалдан аман қалған адамның көңіл-күйін әркім түсінер деп білемін. Осы пойызда қызмет көрсет­кен облыстық темір жол ау­ру­ха­насының дәрігерлеріне алғысымды айттым. Бұрын осындай үздік ме­ди­циналық қызмет бүгінгідей ау­ылды аралап жүріп пе еді?! Бұл да тәуелсіз елі­міздің алға басқан сәтті қадамының бірі деп ойлаймын. «Саламатты Қ­а­зақстан» денсаулық пойызын ұйым­дастыруды тапсыр­ған Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев­қа алғысым шексіз. Денисов ауданы облыс орталы­ғынан шалғайлау жатса да, жағ­дай­ы­мыз жаман емес. Ауданы­мыз­дың бір­қатар елді мекендері біраз жыл­­дар­­дан бері көгілдір отынды пайда­ла­нады. Ауылда отырып оқ жа­қ­пай­ды. Енді өткен жылдан бері кө­гіл­дір отын аудан орталығына және басқа ауылдарға да жеткізіліп жа­тыр. Ау­ылдағылардың жағ­дайы бір­те-бірте көтеріліп келеді, тама­ғы­мыз тоқ, көй­легіміз көк. Ауыл-үй, көрші­лер­дің арасында қан­дай ұлт­тың өкілі жоқ дерсіз. Барлығы да бір атаның бала­лар­ын­дай тату-тәтті өмір сү­руде. Кең қол­тық қазақ жұр­ты қан­дай қонақ­жай десеңші, адамгершілік қасиет­ті Жаратқан осы ха­лықтың қанына берген. Ауылда бір-бірімізге қа­­рап, алға ұмтыла­мыз, бірі-бірімізді сыйлап араласамыз.

Осындай жерде туып, осындай елде өмір сүріп жатқанымызға риза­мыз. Тілегіміз елдің үстінде.

Л.ЧЕРНЯВСКАЯ.

Қостанай облысы, Денисов ауданы.