Керчь қаласында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы политехникалық колледжде атыс және жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген. Кейін Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жеткендігі туралы хабар тарады.
Оқиғаға сәйкес Қырымда 18 қазаннан бастап үш күн аза тұту күндері болып жарияланды.